Поиск по этому блогу

Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде және кешенді тестте жиі кездеседі, сол себепті қажет ақпарат деп біліп, сіздерге ұсынуды жөн көрдік. 
Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. 

П.С.Паллас (1741-1811) 
• ͘Академик, табиғат зерттеуші. 
• ͘1768-1774 жылдары Қазақстанда экспедиция жасады.
• ͘1769 жылы өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, "Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат" еңбегін жазды.

П.И.Рычков (1712-1777)
• ͘Академик, зерттеуші.
• ͘Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы щыққан.
• ͘Еңбектері: "Орынбор тарихы" және "Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы"
• ͘1769-1772 жылдары баласы Н.Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып,"Капитан Н.Рычковтың 1771 жылдардағы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары" еңбегін жазды (1772).
• ͘Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған.
• ͘Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп берді.

В.Н.Татищев (1686-1750)
• ͘Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы, географ.
• ͘Орынбор өлкесін зерттеді.
• ͘Қазақ тарихын, тұрмыс тіршілігін және мәдениетін зерттеген.

Г.Ф.Миллер (1705-1783)
• ͘Белгілі тарихшы, этнограф.
• ͘Еңбегі: "Сібір патшалығының тарихы".
• ͘Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан.
• ͘Қазақстан туралы бағалы мәлімет қалдырған.
• ͘"Сібір тарихының атасы" атанды.

Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер: ағылшын теңізшісі Джон Эльтон (1735); суретші Джон Кэстль (1736); сауда қызметкері Реональд Гок (1741-1742)

XIX ғасырларда Қазақстанды зерттіге ат салысқан:
• ͘1833-1841 жылдары В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшыларына қолдау білдірді. "Бөкей мен Мәулен" повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.
• ͘І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша "Азияға жол іздеу" талабымен құрылған әскери экспедицияны басқарды: И.Д.Бухгольц
• ͘Жоңғария картасын жасаған орыс экспедиция құрамында болып, тұтқынға түскен швед офицері: И.Г.Ренат
• ͘XIX ғ. 80 жылдары Жоңғария картасын алғашқы рет орыс география қоғамы жазбасына жазған: В.В.Веселовский
• ͘1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. "Пугачев бүлігінің тарихы", "Капитан қызы" шығармалары. А.С.Пушкин Оралда "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" поэмасымен танысқан.

1848-1489 жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізіне, А.Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасады:
• ͘Сырдария өзенінің жағалауларын суртке түсірді;
• ͘Арал теіңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі.

Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцов, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық картаға түсіріп, табиғи байлықтарын зерттеді.

Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, Н.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының таризына арнап еңбектер жазды.
XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы кқлемді еңбек жазған орыс таризшысы А.Левшин болды.
• ͘Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындысы А.Левшиннің "Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды зерттеу" атты еңбегі. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий