Поиск по этому блогу

Сұрақ-жауап (2 бөлім):
151. Қазақ даласын басып өтетін керуендердің қауып сіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей үкіметі 1803 жылы рұқсат берді: Көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға.
152. ХІХ ғаысрда Қазақстан жерінде бірінші жәрмеңке ашылған өңір. Ішкі Орда.
153. Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданды: 1822 жыл.
154. Патша 1815 жылы Орта жүзге екінші хан етіп тағайындады: Бөкейді.
155. Сібір қазақтарының Жарғысының авторы. М.М.Сперанский.
156. Сібір қазақтарының Жарғысының авторы-декабрист. Г.С.Батеньков.
157. Сібір қазақтарының Жарғысының басты мақсаты. Қазақстанның солтүстік-шығысын әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.
158. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Орта жүзде орнаған басқару сатысы. Үш буынды.(ауыл, болыс, округ)
159. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауылға кірген шаңырақ саны. 50-70.
160. Сібір қазақтарының Жарғысы болыс: 10-12 ауылдан тұрды.
161. Сібір қазақтарының облысы (Орта жүз) бағындырылды: Батыс Сібір генерал-губернаторлығына.
162. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанды сайлады: Тек сұлтандар ғана.
163. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанға он жылдан кейін берілетін атақ. Дворяндық.
164. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтандар сайланды: Үш жылға.
165. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша мұрагерлікпен берілді: Болыстық билік.
166. Сібір қазақтарының Жарғысы Ресейдің әкімшілік сатысындағы 12-класқа жататын шенеуніктерге теңестірілді: Болыстық сұлтандар.
167. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауыл старшыдары сайланды: Үш жылға.
168. Сібір қазақтарының Жарғысы негізінде қылмыстық істер қаралды: Округтік приказда.
169. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды: Шекаралық басқарма төрағасы.
170. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Шекаралық басқарма төрағасы ие болды: Шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына.
171. Кіші жүзде хандық билік жойылды: 1824 жылы.
172. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.
173. Кіші жүздің соңғы ханы. Шерғазы.
174. Орынбор қазақтарын басқару туралы Жарғысы қабылданды: 1824 жылы.
175. 1812 жылғы Отан соғысында Орынбор губерниясында құрылды: 40 кавалериялық полк.
176. Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқаны туралы І Александр патшаның арнайы манифест-үндеуі қабылданды: 1812 жылы шілденің 6-сы күні.
177. Орныбор губернаторы Г.С.Волоконскийдің Ресей мен Франция арасында соғыс басталғандығы туралы хабары ауылдарға жетті: 1812 жылы қазан-қараша айларында.
178. 1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын: Байсақал Тілекұлы.
179. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қаысқан ұлттық құрам. Башқұрт полкі.
180. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі. 22 мың сом.
181. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндіру орнының еңбеккерлері батыс майданға жөнелткен тұз көлемі. Бір миллион пұт.
182. 1812 жылы Бородино шайқасында күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері. Майлыбайұлы.
183. 1812 жылғы Отан соғысында жақсы рол атқарды: Атты әскер.
184. 1812 жылғы Отан соғысында 3-дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болды: Сағит Хамитұлы.
185. 1812 жылғы Отан соғысында башқұрт полкі құрамында шайқасқан қазақ. Нарынбай Жанжігітұлы.
186. 1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің толық кавалері атанды: Нарынбай Жанжігітұлы.
187. Башқұрт полкі құрамында Веймар, Ганау және Майндағы Франкфурт қалалары түбінде болған ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерлері. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы.
188. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, шоқынған қазақ. Яков Беляков.
189. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, 1837 жылы Александр княздың қабылдауында болған қазақ жауынгері. Нарынбай Жанжігітұлы.
190. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар. 1837-1847 жылдар.
191. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты. Ресей империясының қазақ жерін отарлауды тежеу. Округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
192. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған хандық. Хиуа хандығы.
193. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.
194. Кенесарының ағасы Саржанды 1836 жылы өлтіртті: Қоқан ханы.
195. Кенесарының атасы. Абылай хан.
196. Кенесарының көзқарасының қалыптасуына әсер етті. Қасым төре.
197. Кенесары Қасымұылының көтерілісі қамтыды: Бүкіл Қазақстанды. (Үш жүзді)
198. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.
199. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны. 80-нен астам.
200. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған Аманкелді Имановтың атасы. Иман батыр.
201. 1838 жылы Кенесары отряды басып алып өртеп жіберген бекініс. Ақмола.
202. Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезіндегі Ресей императоры. І Николай.
203. 1841 жылға Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзеге аспау себебі. Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.
204. Кенесары одақ жасауды ұсынған хандық. Қоқан хандығы.
205. 1843 жылы І Николай патша келісім беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберген отряд. Старшина Лебедев басқарған отряд.
206. 1844 жылы шілде айының 20-сында болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны. 44.
207. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін Орынборға шақыртылып, орнынан тайдырылып, сотқа тартылған старшина. Лебедев.
208. 1845 жылғы Кенесарының ауылына келген елшілік. Долгов, Герн елшілігі.
209. Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі. Жазалаушы отрядтардың бассыздығын жою, алым-салық жинау сияқты Кенесары талаптарының орындалмауы.
210. Кенесары Қоқан хандығының езгісіндегі қазақ руларына дербестік алуына көмектесу мақсатында бет алды: Сарыарқадан Ұлы жүзге.
211. Кенесары хандық билікті қолына алды: 1841 жылы.
212. Хандық билікті қолға алған Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: Хандық сотты.
213. Кенесары Қасымұлының шаруашылық саласында көңіл бөлді: Егіншілікке.
214. Кенесарының жағдайын қиындатты: Бұхар мен Қоқан хандықтарының бірігіп күресу келісімі.
215. Кенесарының өзіне ермеген белді тұлғалардың ауылын ойрандауы: Жетісудағы белді рулардың Ресейден көмек сұрауына себепші болды.
216. Кенесарыны және оның Қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар. Тайшыбек, Саурық, Сұраншы.
217. Қырғыз манаптары Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынысын: Жауапсыз қалдырды.
218. Кенесары қаза тапты: 1847 жылы.
219. Кенесарының қолы қырғыздардан жеңілген жер. 1847 жылы.Майтөбе.
220. Бөкей Ордасы құрылған жыл. 1801 жыл.
221. Бөкей Ордасының территориясы. Еділ мен Жайық аралығы.
222. ХІХ ғасырдағы Кіші жүздің алып жатқан территориясы. 850000 мың шақырым.
223. 1801 жылы 11 наурызда Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берген император. І Павел.
224. Патша үкіметінің Кіші жүз руларыныдағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдеткен шешімі. Жайық пен Еділ арасында қайта қоныстануға рұқсат беруі.
225. Бөкей Ордасының патша үкіметінің қаржысына хан сарайын салған жер. Жасқұс.
226. Бөкей ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды: 1827 жылы.
227. Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылған «Хандық кеңестің» құрамына кірген билер саны. 12 би.
228. Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылды: «Хандық кеңес».
229. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай. 1833 жылы Жәңгір хан қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий өңіріне билеуші етіп тағайындауы.
230. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліс: Үш кезеңге бөлінді.
231. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.
232. Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары: 1817-1823 жылдар.
233. 1837 жылғы қазан айының 15-інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы. Балқы Құдайбергенұлы.
234. 1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер саны. Екі мың.
235. 1837 жылы қазан айының аяғында саны екі мыңға жеткен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер қоршады: Ханның резиденциясын.
236. 700 казак әскерінен, 400-ден астам хан-сұлтан жасақтарынан құралған жазалаушылар Исатай қолына қарсы тұрды: 1837 жылы қараша айының 9-ы.
237. Патша үкіметінің Исатайды ұстап тірідей әкелген адамға берілетін сыйы. 1000 сом.
238. Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай. Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.
239. Исатай Тайманұлы қаза тапты: 1838 жылы.
240. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің жеңілген жер. Ақбұлақ.
241. Исатай Тайманұлы қаза тапқан жер. Ақбұлақ.
242. 1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.
243. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі болды: 1836-1838 жылдары.
244. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі болды: ХІХ ғасырдың І жартысында.
245. 1836-1838 жылдардағы Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару тапсырылды: Гекеге.
246. Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордададағы 1842 жылғы шаруалар көтерілісін басқарды: Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы.
247. Махамбет Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы.
248. ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Сыр бойындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің басшысы. Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
249. 1843 жылы халықтың қолдауымен Жанқожа батыр құлатқан бекініс. Хиуа бекінісі.
250. Жанқожа батыр бастаған Сыр бойындағы шаруалар көтерілісінің ошағы. Жаңақала.
251. Райым (Қазалы) бекінісі салынды: 1847 жылы.
252. Райым бекінісінің қазіргі атауы. Қазалы.
253. ХІХ ғасырдағы Жанқожа көтерілісі жаншылды: 1860 жылы.
254. ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Арал бойындағы көтерілістің жетекшісі. Есет Көтібарұлы.
255. Орынбор әкімшілігі Есет Көтібарұлын ұстауды жүктеді: Арыстан Жантөринге.
256. 1855 жылы 8 шілдеде Есет тобы күтпеген жерден шабуыл жасап сұлтанды және сыбайластарын қырып салды: Жантөрин лагеріне.
257. 1858 жылы жазалаушылардың қыспағымен Есет батыр көтерілісті тоқтатып: Орынборға барып патша билігін мойындады.
258. 1858 жылғы Қоқан езгісінде қарсы ең ірі көтеріліс болды: Әулиеата маңында.
259. 1858 жылғы қоқандықтар сәтсіздікке ұшыраған шайқас. Пішпек түбіндегі ұрыс.
260. 1858 жылғы халық қозғалысының тегеуірінен сескенген қазақ феодалдары: Қоқан билеушілерімен ымыраға барды.
261. Қоқан ханы Худияр қазақ федалдарын қабылдап: Ішінара жеңілдіктерге келісім берді.
262. 1858 жылғы қазақ шаруаларының Қоқан езгісіне азаттық күресінің тарихи маңызы. Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруінің алғышарты пісіп-жетілді.
263. 1805-1806 жылдары Ресей үкіметі осы елмен қатынасты ретке келтіруге ұмтылды. Қытаймен.
264. 1805-1806 жылдары Ресей елшісі Ю.А.Головкин елшілігі осы елге жіберілмей жолдан қайтарылды: Қытай.
265. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысының ірі орталықтары. Семей, Петропавл қалалары.
266. Орта жүздің найман руының сұлтаны Құдайменді Қытаймен сауданы тұрақтандыру үшін және сауда керуендерін аттандырып тұруға рұқсат алу мақсатында өзі ұлы Ғабдолланы Петербургке жіберді. Жәміш бекінісінен Қытайға дейін.
267. ХІХ ғасырдың басында қытай көпестерінің жиі сауда жасайтын орталықтарының бірі. Бұқтырма.
268. ХІХ ғасырдың басынан Петропавл, Семей арқылы Қытайға баратын саудагерлерді қорғау жүктелді: Қарулы казактарға.
269. ХІХ ғасырдың басында Ресей үкіметінің Шыңжаң жәрмеңкелеріне апарып сататын негізгі тауарлары. Өнеркәсіптік дайын бұйымдар.
270. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үкіметінің Тибетпен Қазақстан арқылы байланыс орнату бастамасын іске асыруға тырысқан: Г.И.Глазенап.
271. Ресейлік бұйымдарды сатып «Үлкен Тибетке» алғаш рет жеткен грузин көпесі. Семен Мадатов.
272. Кашмиеде болып, Ресейде кең таралған 250 кашмир шәлісін тұңғыш рет Қазақстанға жеткізген грузин көпесі. Семен Мадатов.
273. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін Қытай-Ресей сауда керуендеріне баж салығы көбейтілді: ХІХ ғасыдың 30-жылдары.
274. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей мен Қытайдың арасындағы сауда байланыстарына кедергі болған жағдай. Мемлекетаралық келісімдердің жоқтығы.
275. Хиуа ханы Мұхаммед Рақымның қазақ қоныстарына зардабы жойқын болған, екі мыңға жуық ауылды қаңыратқан шайқас болған жыл. 1820 жыл.
276. 1820 жылы Хиуа ханы Мұхаммед Рақым қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қаңыратып кеткен ауыл саны. Екі мыңға жуық.
277. 1821 жылғы Орта Азия хандықтарының озбырлығына қарсы азаттық қозғалыстың басшысы. Тентектөре.
278. 1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстың сипаты. Азаттық.
279. 1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстағы көтерілісшілер саны. 10 мың.
280. Қазақтар менқырғыздардың ХІХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Түркістан, Шымкен, Сайрам, Әулиеата және Пішпек маңындағы шайқасы бағытталды: Қоқан үстемдігіне қарсы.
281. 1817 жылы Сүйік сұлтан Абылайханұлының мәлімдемесі. Өзі қарамағындағы рулармен Ресей құрамына кіру.
282. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлы бастаған 66 мың қазағы бар Ресей құрамына кірген ру. Жалайыр.
283. ХІХ ғасырда Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында салынған Ресей әскери бекіністері. Ақтау, Алатау, Қапал.
284. Патша үкіметі Қазақстанда саяси бағыттағы бірқатар әскери шараларды іске асырды: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.
285. Ресейдің сыртқы істер министрлігі жанындағы «Азия комитетінің» құрылған уақыты. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.
286. 1825 жылы жаңа әкімшілік билікті мойындап, өзі жерлерінен сыртқы окрук ашуға келісім білдірген Жетісудағы 50 мың адамы бар болыс. Үйсін.
287. Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы.
288. Ұлы жүзді басқару жөніндегі ресейлік пристав тағайындалған жыл. 1848 жыл.
289. 1848 жылы Ұлы жүзге тағайындалған ресейлік билік. Пристав.
290. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай алдымен көз тіккен аймақтар. Жетісу және Іле өңірі.
291. Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын біраз уақытқа дейін билігінде ұстады: Қоқан хандығы.
292. Ұлы жүз жеріндегі Қоқан хандығының тірегі болған бекініс. Таушүбек.
293. Ресей үкіметіне Таушүбек бекінісі қантөгіссөз берілді: 1851 жылы 7 шілде.
294. 1853 жылы Ресейдің қоластына қараған бекініс. Ақмешіт.
295. 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін тұрғызды: М.Д.Перемышельский отряды.
296. Верный бекінісінің негізі қаланды: 1854 жылы.
297. Верный бекінісін тұрғызған отряд. М.Д.Перемышельский отряды.
298. Верный бекінісі салынған жердің ертедегі атауы. Алматы.
299. Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға көшкен жыл. 1855 жыл.
300. Верныйға қоныстанушылар әсіресе көп болған Ресей губерниясы: Воронеж.

Комментариев нет:

Отправить комментарий